![]() |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мамандық таңдай білесің бе?Осындай тақырыпта қаңтар айында «Құралай» жалпы орта мектебінің мәжіліс залында іс-шара болып өтті. Іс-шараға биыл мектеп бітіретін 11 сынып оқушыларымен бірге аудандық орталық кітапхана меңгерушісінің орынбасары Г.Пошақаева, «Құралай» ЖОМ директорының оқ Осындай тақырыпта қаңтар айында «Құралай» жалпы орта мектебінің мәжіліс залында іс-шара болып өтті. Іс-шараға биыл мектеп бітіретін 11 сынып оқушыларымен бірге аудандық орталық кітапхана меңгерушісінің орынбасары Г.Пошақаева, «Құралай» ЖОМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ә.Сүйінбаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Абишева, З.Құралова және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесуді мектеп психологі М.Әбдірахманова ашып, жүргізіп отырды. Адам баласы мамандық таңдай білуде адаспағаны дұрыс. Жүрегің қалаған мамандық өмір шуағы іспеттес. Игі-шара аты айтып тұрғандай осы сауалдар төңірегінде өрбіді. Интернет заманы билеген қазіргі таңда жастар кітапханаға бара ма? Барса қай жазушының шығармасын оқып жүр? Соңғы кездері жасыратыны жоқ, кітапханаға бас сұғушылар азайып бара жатқан жоқ па? Міне, осы сауалдарға орталық кітапханадан келген Г.Пошақаева тыңғылықты жауап қайтарды. Оқырманның көңіл көкжиегін кеңейтуде кітаптың алар орны ерекше екенін тіліне тиек еткен ол жастардың кітапханаға жиірек келіп тұруын қалады. «Мамандық таңдай білесің бе?» атты игі-шарада журналистерге қойылған сауалдар да аз болмады. Әсіресе, Назерке Серік, Айжан Жамаш, Ұлдана Ғалымжан сынды оқушылардың қойған сұрақтары өзінің маңыздылығымен ерекшеленді. Кездесуде мектеп директорының орынбасарлары «Шамшырақ» газетінің фототілшісі А.Оразбаев өз ойларын ортаға салып, жеткіншектерді мамандық таңдауда адаспауға шақырды. Осы игі-шараны тартымды өткізе білген психолог-маман М.Әбдірахманованың еңбегі де көпшілік тарапынан жоғары бағаланды. Негізі: Түлкібас аудан жаңалықтары,28 қан 2012
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сайтты өңдеп отырған "М-Дизайн" компаниясы |
|
© 2008 Tulkubas.kz |
Сілтемелер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||