Логотип Шымкента (Чимкент)
:: Түлкібас ауданы әкімдігінің ресми сайты
Бас бет     Тіркелу     Сайт картасы     Іздеу:   
 
  ҚАЗ | РУС 23.02.2012

Жүйеге кіру
Логин: 
Пароль: 
Тіркелу   Парольді ұмыттыңыз ба?
Тіркелгендер: 193
Ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

Еске алу кеші


Аудандық орталық кітапханада көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың туылғанына 100 жыл толуына арналған «Тау тұлға» атты еске алу кеші өтті.

Аудандық орталық кітапханада көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың туылғанына 100 жыл толуына арналған «Тау тұлға» атты еске алу кеші өтті. Қазақ халқының бір туар ұлы перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, парасатты азамат, ғұлама ғалым, академик, қазақ елін ширек ғасырға жуық уақыт басқарған, «ХХ ғасыр адамы» деп танылған Д.А.Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы кешті жүргізуші Дарын мектебінің 11 сынып оқушысы Әден Жансая баяндама жасады. Еске алу кешіне қатысқан кітапхананың тұрақты оқырмандары Мәлібеков Нығматулла, Ахметов Құдайберген және Көлбаев Махамбет өздерінің Д.А.Қонаев туралы оқыған естеліктерін, оның қандай адам болғандығы туралы өте әсерлі етіп айтып берді. Абай атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Әлібек Райхан ақындардың Д.А.Қонаев туралы жазған өлеңдерін оқыды. Мәдениет үйінің қызметкері Келімбетов Тұрысбек патриоттық әндер орындады. Кеш соңында аудандық кітапхананың библиографы Тұңғышбаева Фарида «Заманның заңғар тұлғасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кешке қатысқан оқырмандарға сыйлықтар берілді.

Негізі: Түлкібас аудан жаңалықтары,20 қан 2012

Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.



:: Соңғы жаңалықтар
Жастар арасында нашақорлық және СПИД-тің алдын алу
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 23 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» тақырыбында кездесу болып өтті.
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жжаңалықтары
«Жас ұрпақ тәрбиесі – жарқын болашақ кепілі»
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
Ауған жаңғырығы жадымызда
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
Жақсы істер жалғасады.
11 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
:: АУДАН ӘКІМІНІҢ ҮНДЕУІ
Аудан әкімінің үндеуі Құрметті келушілер!

Мен сіздерді Түлкібас ауданы сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Толығырақ...
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru Яндекс цитирования
© 2008 Tulkubas.kz | Сілтемелер