![]() |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қайрымдылық игі ісЖаңа жылдың жасыл шыршасы мерекесіне шақырылған мүмкіндігі шектеулі балалар Жамбыл атындағы мектеп ұжымы мен жүректері дархан, қайырымды демеуші аға-әпкелеріне дән риза болды. Жамбыл мектебінде жақын ауылдар – Еңбекші, Қызылбастау, Еңбек, Мыңбай ауылдарын Жаңа жылдың жасыл шыршасы мерекесіне шақырылған мүмкіндігі шектеулі балалар Жамбыл атындағы мектеп ұжымы мен жүректері дархан, қайырымды демеуші аға-әпкелеріне дән риза болды. Жамбыл мектебінде жақын ауылдар – Еңбекші, Қызылбастау, Еңбек, Мыңбай ауылдарында аялы қамқорлыққа зәру мүмкіндіктері шектеулі жарымжан 15 бала тұрады. Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен осы қам-көңіл балаларға арналып, арнайы жаңажылдық шырша ұйымдастырылды. Мерекелік кешті ұстаз Ботагөз Тұрсынбаева мен жарымжан жасөспірім Жасұзақ Жұмақұловтың жүргізуі салтанатқа ерекше жылылық шашқандай әсер етті. Мектеп түлегі «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының қызметкері Фархат Құлатаев біраз жылдан бері жаңа жылда мектептің үздік оқушыларына арнайы сыйлық беріп келеді. Биылғы жаңа жылдың қомақты, бағалы әрі ақшалай сыйлыққа оқу озаты Жұмақұлов Жасұзақ ие болды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жаңажылдық шыршасына демеушілік жасаған мектеп ұжымы мен Фархат Құлатаев, Әзиз Оразбеков, Бақытжан Пірәлиев, Әмір Мүсірәлиев, Қайрат Іңкәрбаев, Бекзат Ториев, Ермахан Дүйсенбеков балаларға берекелі дастархан жайып, көңілді кешті бірге өткізді. Жаңажылдық шыршадан сыйлықсыз қайтқан бүлдіршін болған жоқ. Қам көңілдерді жадыратқан мейірімді жандар балалардың, ата-аналардың, мектеп ұжымының шексіз алғыстарына бөленді. Негізі: Түлкібас аудан жаңалықтары,20 қан 2012
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сайтты өңдеп отырған "М-Дизайн" компаниясы |
|
© 2008 Tulkubas.kz |
Сілтемелер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||