Логотип Шымкента (Чимкент)
:: Түлкібас ауданы әкімдігінің ресми сайты
Бас бет     Тіркелу     Сайт картасы     Іздеу:   
 
  ҚАЗ | РУС 23.02.2012

Жүйеге кіру
Логин: 
Пароль: 
Тіркелу   Парольді ұмыттыңыз ба?
Тіркелгендер: 193
Ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

Түлкібас ауданы әкімдігінің ресми сайты

Жалпы ақпарат

Түлкібас ауданы - облыстың оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік, 1928 жылы құрылды.

Орталығы - Тұрар Рысқұлов ауылы
Тұрғындар саны 102300 адам (2010)
Жерінің аумағы 2,3 мың км2

 

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы

Аудан аумағындағы өнім өндірудің негізгі үлесі: «ЭкоПродуктГрупп» АҚ, «Түлкібас әк зауыты» ЖШС, «Састөбецемент» ЖШС, «Түлкібас мелькомбинаты» ЖШС, «Авеню» ЖШС, «Балықты кірпіші» ЖШС кәсіпорындарына тиесілі. Шағын және орта бизнес саласында заңды тұлғалар 608, жеке кәсіпкерлер 2396 және 2764 шаруа қожалық тіркеліп, жұмыстар жүргізуде. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде ауданның жері өте қолайлы.

Ауданда білім беру мекемелерінің жалпы саны - 56. Денсаулық сақтау мекемелерінен 1 аудандық аурухана, 2 аудандық емхана, 21 фельдшерлік-акушерлік тірек және 19 медициналық тірек, «Ақсу-Жабағылы», «Ақбұлақ» және Балықты санаториялары, тері венерологиялық және өкпе құрт диспансері бар.

Ауданда жалпы өнімнің көлемі 2011 жылдың І жарты жылдықтың қорытындысымен – 9 млрд. 82,2 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,7 пайызға артты.

Аудан экономикасы дамуының негізгі көрсеткіші болып саналатын бюджеттің кіріс бөлігіне салықтар мен түсімдер контингент бойынша 2011 жылдың І – жарты жылдықта жоспарланған – 740,5 млн. теңгенің орнына – 796,8 млн. теңге түсіп, жоспар 107,6 пайызға орындалды.

2011 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындары – 4 млрд. 611 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (нақты көлем индексі бойынша) 107,0 пайызға өсті.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2011 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен – 4 млрд. 471 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (нақты көлем индексі бойынша) 104,5 пайызға өсті.

2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында орташа айлық жалақы 46 419 теңге болса, 2011 жылдың маусым айына орташа айлық жалақы 50 849 теңгені құрап, осы мезгілмен салыстырғанда 110 пайызға өсіп отыр.

2011 жылдың 6 айына 368 тұрақты және 659 уақытша жаңа жұмыс орындары ашылды, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыздан 4,9 пайызға төмендеді. 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығында 4558 балаға 37,0 млн. теңге тағайындалып төленді.

Көрнекті орындар

Ауданымыздағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік – батыс сілемдеріне орналасқан. Қорық - ерекше қорғалатын аймақ, оның жалпы көлемі - 85754 га, екі мемлекетпен - Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарында жайғасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы - өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің бай қазынасы. Соңғы деректерге қарағанда қорық территориясында құстың 267, сүт қоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 және балықтың 5 түрі мекендейді екен.

Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар. Қорық өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктің 63, қынаның 64-тен астам, қозықұйрықтың 235, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі. Ақсу-Жабағылы қорығының палеонтологиялық 2 бөлімі бар: «Әулие» (100 га) және «Қарабастау» (125 га). Ол жерлерде Юра дәуірін (140 млн жыл бұрын) мекендеушілерінің, яғни өсімдіктердің, балықтардың, алып кесірткелердің (динозаврлардың) іздері қатып қалған.

 


:: Соңғы жаңалықтар
Жастар арасында нашақорлық және СПИД-тің алдын алу
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 23 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» тақырыбында кездесу болып өтті.
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жжаңалықтары
«Жас ұрпақ тәрбиесі – жарқын болашақ кепілі»
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
Ауған жаңғырығы жадымызда
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
Жақсы істер жалғасады.
11 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
:: АУДАН ӘКІМІНІҢ ҮНДЕУІ
Аудан әкімінің үндеуі Құрметті келушілер!

Мен сіздерді Түлкібас ауданы сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Толығырақ...
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru Яндекс цитирования
© 2008 Tulkubas.kz | Сілтемелер