Логотип Шымкента (Чимкент)
:: Түлкібас ауданы әкімдігінің ресми сайты
Бас бет     Тіркелу     Сайт картасы     Іздеу:   
 
  ҚАЗ | РУС 23.02.2012

Жүйеге кіру
Логин: 
Пароль: 
Тіркелу   Парольді ұмыттыңыз ба?
Тіркелгендер: 193
Ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

Cайлау бойынша ақпарат

Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85, 87-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.
2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалсын.
3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.
6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 16 қараша.
№ 175

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
құрамы және орналасқан жері

Орталығы – аудандық Мәдениет сарайы, Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі №205

Албаев Нұрғазы Қалмырзаұлы – сайлау комиссиясының төрағасы, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, «Руханият» партиясының өкілі

Нұрлыбаев Болатбек Қысырауұлы – сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялар бөлімінің бастығы, Қазақстан Коммунистік халық партиясының өкілі

Есенбаев Ербол Айдаралыұлы – сайлау комиссиясының хатшысы, аудандық білім бөлімінің әдіскері, «Қазақастан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Түлкібас аудандық филиалының өкілі

Рыбакова Галина Ивановна – «Қазпошта» АҚ Түлкібас бөлімінің бастығы, «Нұр Отан» ХД партиясының өкілі

Сарсенбаев Мұратжан – Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі директорының орынбасары, «Қазақстанның патриоттары» партиясының өкілі

Ибрагимов Талғат – «Жиһаз Құрылыс 21-М» ЖШС бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі

Күдериева Гүлжан Мұқанқызы – уақытша тағайындалған, аудандық білім бөлімінің әдіскері

Сайлау комиссиялары

2012 жылдың 15 қаңтарға тағайындалған бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы Түлкібас ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері, сондай-ақ дауыс беруге арналған учаскелер (сайлау учаскелері) шекаралары

Көшіріп алу

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің шекаралары және орналасқан жері

Көшіріп алу

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің шекаралары және орналасқан жері

Көшіріп алу


:: Соңғы жаңалықтар
Жастар арасында нашақорлық және СПИД-тің алдын алу
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 23 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» тақырыбында кездесу болып өтті.
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жжаңалықтары
«Жас ұрпақ тәрбиесі – жарқын болашақ кепілі»
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
Ауған жаңғырығы жадымызда
18 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
Жақсы істер жалғасады.
11 ақп 2012 | Түлкібас аудан жаңалықтары
:: АУДАН ӘКІМІНІҢ ҮНДЕУІ
Аудан әкімінің үндеуі Құрметті келушілер!

Мен сіздерді Түлкібас ауданы сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Толығырақ...
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru Яндекс цитирования
© 2008 Tulkubas.kz | Сілтемелер