Логотип Шымкента (Чимкент)
:: Түлкібас ауданы әкімдігінің ресми сайты
Бас бет     Тіркелу     Сайт картасы     Іздеу:   
 
  ҚАЗ | РУС 04.09.2010

Жүйеге кіру
Логин: 
Пароль: 
Тіркелу   Парольді ұмыттыңыз ба?
Тіркелгендер: 114
Қыркүйек 2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
ҚР Үкіметінің ресми сайты

ҚР Электронды Үкіметінің ресми сайты

Оңтүстік Қазақстан обысының әкімдігі

Түлкібас ауданы әкімдігінің ресми сайты

Жалпы ақпарат

Түлкібас ауданы - облыстың оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік, 1928 жылы құрылды.

Орталығы - Тұрар Рысқұлов ауылы
Тұрғындар саны 102300 адам (2010)
Жерінің аумағы 2,3 мың км2

 

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы

Аудан аумағындағы өнім өндірудің негізгі үлесі: «ЭкоПродуктГрупп» АҚ, «Түлкібас әк зауыты» ЖШС, «Састөбецемент» ЖШС, «Түлкібас мелькомбинаты» ЖШС кәсіпорындарына тиесілі. Шағын және орта бизнес саласында 426 заңды, 4576 жеке тұлға тіркеліп, жұмыстар жүргізуде. Ауданның экономикалық белсенді тұрғындардың 20543 адамы немесе 63%-ы жұмыспен қамтылған.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде ауданның жері өте қолайлы. Жердің 46%-ы мал шаруашылығына, 54%-ы егін шаруашылығына пайдаланылады.

Ауданда білім беру мекемелерінің жалпы саны - 61. Денсаулық сақтау мекемелерінен 11 емхана, 4 аурухана, 21 фельшерлік-акушерлік тірек, 19 медициналық тірек, «Ақсу-Жабағылы», «Ақбұлақ» және Балықты санаториялары, тері венерологиялық және өкпе құрт диспансері бар.

Ауданда жалпы өнімнің көлемі 2010 жылдың I – жарты жылдығының қорытындысымен – 7 млрд. 190,1 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,2 пайызға артты (2009 жылдың тиісті кезеңі – 6 млрд. 293,1 млн. теңге).

Аудан экономикасы дамуының негізгі көрсеткіші болып саналатын бюджеттің кіріс бөлігіне салықтар мен түсімдер контингент бойынша 2010 жылдың 6-айында жоспарланған – 372,4 млн. теңгенің орнына – 533,7 млн. теңге түсіп, жоспар 143 пайызға орындалды.

2010 жылдың I – жарты жылдығының қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындары – 3 705,9 млн. теңгенің өнімін өндірді (2009 жылдың тиісті кезеңі – 2 823,1 млн. теңге). Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (нақты көлем индексі бойынша) 124,4 пайызға өскен.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2010 жылдың I – жарты жылдығының қорытындысымен –3 484,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (нақты көлем индексі бойынша) 100,4 пайызға өсті (2009 жылдың 6 – айы – 3 470 млн. теңге).

2010 жылдың І – жартыжылдығының қорытындысымен жұмыссыздықты төмендету барысында аудан бойынша 757 хабарласқан жұмыссыздың барлығы жұмыспен қамту бөлімінде тіркеліп, 278 адамның тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал жасалынды.

Аудандағы 124 отбасының 632 адамына – 4.5 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. (2009 жылдың тиісті кезеңі – 5,8 млн. теңге (1153 адам)).

Ауыл округтері бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларының 18 жасқа дейінгі (4270 бала) балаларға 31,5 млн. теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді. (2009 жылдың тиісті кезеңі – 20,3 млн. теңге (3278 бала)). 2010 жылдың І – жартыжылдығының қорытындысымен жаңадан жалпы 269 жұмыс орны ашылды.
 

Көрнекті орындар

Ауданымыздағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік – батыс сілемдеріне орналасқан. Қорық - ерекше қорғалатын аймақ, оның жалпы көлемі - 85754 га, екі мемлекетпен - Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарында жайғасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы - өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің бай қазынасы. Соңғы деректерге қарағанда қорық территориясында құстың 267, сүт қоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 және балықтың 5 түрі мекендейді екен.

Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар. Қорық өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктің 63, қынаның 64-тен астам, қозықұйрықтың 235, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі. Ақсу-Жабағылы қорығының палеонтологиялық 2 бөлімі бар: «Әулие» (100 га) және «Қарабастау» (125 га). Ол жерлерде Юра дәуірін (140 млн жыл бұрын) мекендеушілерінің, яғни өсімдіктердің, балықтардың, алып кесірткелердің (динозаврлардың) іздері қатып қалған.

 


:: Соңғы жаңалықтар
Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында жаңа балабақша ашылды.
03 қыр 2010 | Түлкібас ауданындағы жаңалықтар
Ауданда ҚР Конституциясының 15 жылдық мерекесі аталып өтілді.
01 қыр 2010 | Түлкібас ауданындағы жаңалықтар
Аудан спортшылары марапатталды.
26 там 2010 | Түлкібас ауданындағы жаңалықтар
Балаларға қамқорлық көрсетілді
24 там 2010 | Түлкібас ауданындағы жаңалықтар
Ауданда «Денсаулық жолы» акциясы өткізілді.
21 там 2010 | Түлкібас ауданындағы жаңалықтар
:: АУДАН ӘКІМІНІҢ ҮНДЕУІ
Аудан әкімінің үндеуі Құрметті келушілер!

Мен сіздерді Түлкібас ауданы сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Толығырақ...
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru Яндекс цитирования
© 2008 Tulkubas.kz | Сілтемелер